Мазмұнға өту

NME Awards

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
NME Awards
NME Awards
Жалпы мәліметтер
Мемлекет

 Ұлыбритания

Марапат не үшін

Журнал оқырмандары мен сайт келушілерінің дауыс беру нәтижелері бойынша берілетін музыкалық премия

Құрылтайшы

New Musical Express

Негізі қаланды

1953 (1971–1993 жылдары үзіліс болып, 1994 жылдан бастап қайта жалғасуда)

Ресми сайт

Ресми сайт

NME Awards — британдық New Musical Express журналының жыл сайынғы музыкалық марапаттау рәсімі. Ұлыбританияның танымал музыка тарихындағы ең көне бұл сыйлық алғаш рет басылым шыққаннан кейін көп ұзамай, 1953 жылы «NME сауалнамасы жеңімпаздарының концертінде» (NME Poll Winners Concerts) табысталды.[1] Бұл премия көбінесе Brit Awards сыйлығының ізашары әрі рок-аналогы ретінде қарастырылады.[2] Жеңімпаздар журнал оқырмандары мен сайт келушілерінің дауыс беруі арқылы анықталады.[3]

Сол кезде газет болып шыққан NME алғашқы сауалнама нәтижелерін 1953 жылғы 27 ақпандағы нөмірінде жариялады, ал марапаттау рәсімі сол жылдың 19 сәуірінде Роял Альберт Холлда өтті. Бастапқыда бес номинация болса, келесі жылы олардың саны ұлғайтылды. 1972 жылдан бастап бұл рәсім өткізілмей қалды,[3] алайда сауалнамалар мен олардың нәтижелері жыл сайын жарияланып тұрды. Тек 1993 жылы Энни Леннокс пен Simply Red Brit Awards сыйлығынан екі мәрте марапат алған кезде, бұл NME жаңалықтар бетінде ашулы тақырыптардың шығуына түрткі болды («Must We Throw This Brit At Our Pop Kids?»). Бұл жағдай 1994 жылы Brits атауымен сөз ойыны (каламбур) жасалып, «NME Brat Awards» деген жаңартылған атаумен және ортаңғы саусағы шығарылған жұдырық пішінді жаңа мүсіншемен марапаттау рәсімін қайта жандандыруға себеп болды. 2002 жылы The Daily Telegraph шолушысы Том Кокс бұл сыйлықтың енді «Brits сияқты сол корпоративтік құндылықтарды мадақтайтынын» айтып сынға алды.[4]

Ең көп марапат алғандар

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Элвис Пресли, 26 рет NME сыйлығының иегері

NME Award марапатын ең көп алғандар

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Бір жылда бірнеше негізгі марапат алғандар

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Ескерту: Бұл тізімге тек негізгі марапаттардың (мысалы, Үздік альбом, Үздік британдық топ, Үздік трек және т.б.) жеңімпаздары ғана кіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Basham, David. Coldplay, U2, Eminem Honored With NME Awards (ағыл.). MTV. (6 ақпан 2001). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 қыркүйек 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
  2. ↑ Foals and Arcade Fire lead NME awards nominations (ағыл.). BBC. Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 қыркүйек 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
  3. 1 2 Ganz, Caryn. The NME Awards Are (Almost) Nothing Like the Grammys (ағыл.). Yahoo! Music. (24 ақпан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 қыркүйек 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
  4. ↑ Cox, Tom. Where's the aggro? (ағыл.). Telegraph. (2 наурыз 2002). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 қыркүйек 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
  5. ↑ Green, Alex. All the winners from the NME Awards 2022  (ағыл.), The Independent (2 March 2022). Мұрағатталған 3 наурыздың 2022 жылы. Тексерілді 4 наурыздың 2022.